Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘМС жүйесімен әрбір тұрғын қамтылуы тиіс

МӘМС жүйесімен әрбір тұрғын қамтылуы тиіс

МӘМС жүйесімен өңірдің әрбір тұрғын қамтылуы тиіс. Пациенттерге толық және сапалы медициналық қызметтер қолжетімді болуы қажет.
Осы және өзге де міндеттер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының басшылығы мен емхана ұжымдары арасындағы кездесулер барысында алға қойылды.

Қызылорда облысында бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша 25 ұйым (бұдан әрі – БМСК) жұмыс жасайды, оның 14 – і – мемлекеттік, 11-і-жекеменшік. Жеке емханалар санының өсуі байқалады. Осылайша, БМСК ұйымдары арасында салауатты бәсекелестік артып келеді, деп атап өтті Қордың облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Сонымен қатар, медициналық ұйымдардың жұмысына шағымдар саны азаймай отыр. Көбіне сапасыз медициналық көмекке, медициналық қызмет көрсетуден бас тартуға қатысты.

«Біздің ортақ міндетіміз – халықпен ұйымдасқан, тығыз жұмыс жүргізу, қажетті медициналық қызметтерді алуға көмектесу, МӘМС жүйесінің мүмкіндіктерін түсіндіру. Азаматтарды қабылдау уақыты әдеттегідей тұрақты өтуі үшін барынша мейірімді және жайлы жағдай жасау қажет», - деп атап өтті Бақыт Исмаханбетов.
Медициналық ұйымдардың ұжымдарымен әңгімелесу барысында материалдық-техникалық, кадрлық, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, консультативтік-диагностикалық қызмет көрсету жөнінде және т.б. сұрақтар көтерілді. Барлық сауалдарға толық жауаптар берілді.
Соңында Қор мен медициналық қызмет көрсетушілер кері байланысты жақсарту туралы келісімдерге қол қойды.
26 маусым 2024 ж. 199 0