Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралқұм ауылында алапат дауыл тұрды – Қызылорда

Аралқұм ауылында алапат дауыл тұрды – Қызылорда

Қызылорда облысының Арал ауданында 6 шілдеде соққан күшті дауыл жолындағының бәрін қиратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дауылдың қаншалықты қатты болғанын Аралқұм ауылының тұрғындары түсірген видеодан аңғаруға болады.

Ауыл тұрғыны TikTok желісінде түсірген видеосын таратты.

Видеода ауыл тұрғындарының баспанада қалай тұрып жатқаны, бір әйелдің шатыр астында қалған ыдыс-аяқты сақтап қалғысы келетіні көрсетілген. Дегенмен дүлей дауыл киіз үйді де, шатырды да жермен-жексен еткен.

Сурет: ашық дереккөз 
07 шілде 2024 ж. 197 0