Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері өткінші жаңбыр жауады

Алдағы күндері өткінші жаңбыр жауады

Қазақстан бойынша 2024 жылғы 11-13 шілдеге арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдағы үш күнде атмосферадағы синоптикалық жағдай оңтүстік циклонның әсерінен қалыптасады, ауа-райы бұлтты болып, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, 12-13 шілдеде батыста, 13 шілдеде оңтүстікте, орталықта кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша найзағай, бұршақ, дауыл және жел күшеюі күтілуде.

Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +25+30°С дейін, солтүстік-батыста +20+30°С дейін төмендеуі болжанады, ал республиканың солтүстігі мен шығысында +28+38°С дейін жоғарылауы күтіледі, қалған аумақта өзгерістер күтілмейді.

Фото: ашық дереккөз 
11 шілде 2024 ж. 161 0