Білім гранты конкурсы: бірінші күні 14 мыңға жуық құжат қабылданды
Ғылым және жоғары білім министрлігі қабылдау комиссияларының бүгін де жұмыстарын жалғастырып жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Бірінші күні 14 мыңға жуық құжат қабылданды.
Тағы да естеріңізге сала кетеміз, құжаттарды қабылдау:
еGov арқылы онлайн форматта;
ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады;
Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді.
Құжаттарды кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.
Атап өтсек, отандық ЖОО-ларға оқуға түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын; 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом), сондай-ақ, жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынады.
Сурет: ашық дереккөз