Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал аудандық соты 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмысын қорытындылады

Арал аудандық соты 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмысын қорытындылады

Арал аудандық сотының төрағасы К.Садуақасова 2024 жылдың 6 айында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Шараға жергілікті басылымдардың тілшілері қатысты.
Баспасөз мәслихатында К.Садуақасова 2024 жылдың 6-айында аудандық сотпен атқарылған жұмыстар туралы баяндап, есепті кезеңде 26 қылмыстық іс, 455 азаматтық іс, 500 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралғанын, қылмыстық істердің басым көпшілігі есірткі заттармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу қылмыстары, сондай-ақ, алаяқтық қылмыстары болып табылатынын, ал азаматтық істер бойынша қаралған талап қоюлардың басым көпшілігін некені бұзу, заңдық маңызы бар фактіні анықтау, алимент өндіру туралы, сондай-ақ келісім-шарт қатынастарынан туындайтын даулар құрайтынын айтып өтті.
Сондай-ақ, есепті кезеңде 110 азаматтық істің өндірістен медиация тәртібімен тоқтатылғаны, 2 азаматтық істің партисипативтік рәсім тәртібімен аяқталғаны, 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда татуластыру рәсімдері қолданылып аяқталған істер санының 43 іске ұлғайғаны айтылды.
Сот жұмысының басты бағыттарының бірі бұрыңғысынша сот жүйесі имиджін көтеру, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету болып табылатынын айтып, осы бағыттағы жұмыстарды іске асыру мақсатында тұрақты түрде судьялар мен сот қызметкерлерінің сот қызметі туралы және өзге де өзекті тақырыптарда мақалалары жарияланып, ұдайы дөңгелек үстелдер, баспасөз мәслихаттары және азаматтарды қабылдау шаралары өткізіліп жатқандығын әңгімелеп берді.
Шара соңында К.Садуақасова журналистердің қойған сауалдарына жауап беріп, сот тәжірибесінен мысалдар келтірді.

Арал аудандық соты

22 шілде 2024 ж. 109 0