Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Демалыс күндері күн салқындай бастайды

Демалыс күндері күн салқындай бастайды

Алдағы үш күнде күн салқын болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдағы күндері Қазақстанның ауа-райын оңтүстік циклон қалыптастырады, онымен өткінші жаңбыр сақталады, 27 шілдеде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, 28 шілдеде Абай облысында, 29 шілдеде Шығыс Қазақстан облыстарында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады.

ҚР бойынша найзағай, бұршақ, дауыл және жел күшейеді деп күтіліп отыр.

Ауа температурасы еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде +8+13°С дейін, күндіз +15+25° дейін, шығыста күндіз +23+32°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі, қалған облыстарда күрт өзгерістер болжанбайды.

Сурет: ашық дереккөз 
26 шілде 2024 ж. 166 0