Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 килограмм салмақтан арылу үшін қанша қадам жүру керек?

1 килограмм салмақтан арылу үшін қанша қадам жүру керек?

Жаяу жүру - адам үшін табиғи физикалық белсенділіктің түрі. Жаяу жүру немесе жылдам жүруге қарсы көрсетілім жоқ, ол баланың да, қарт кісінің де ағзасын тонусқа келтіреді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жүйелі жүру арқылы жаттығу денсаулыққа жағымды әсер етеді:

ми қыртысының қызметін және қан қысымын реттейді;
жүрекке көктамырлық қан ағымының құйылуын, барлық тіндерді оттегімен қамтамасыз етуді, метаболизмді, асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартады;
артық салмақ азаяды;
аяқ пен дене бұлшықеттері және байламдары қатаяды.

Жаяу жүргенде қанша калория жұмсалады?
Адам орташа есеппен 1 сағат жаяу жүргенде 200-300 ккал жұмсайды. Біз баспалдақпен жоғары көтерілгенде минутына - 5 ккал, ал түскенде минутына 3 ккал жұмсаймыз.

Жаяу жүру тамақпен бірге келген калорияларды белсенді жағуға көмектеседі. Бірақ жаттығудың алғашқы жарты сағаты ағзаны қыздыруға және зат алмасу процестерін іске қосуға кетеді, содан кейін ғана май жағу процесі басталады.

Денсаулыққа пайдалы болу үшін күніне 10 000 қадам жүру керегі айтылады. Алайда дәрігерлер мақсат - арықтау болмаса, 4000-5000 қадам жасау да жеткілікті дейді.

10 000 қадам - ол шамамен 5,5 километр немесе 1,5-2 сағат жүру. Орташа есеппен 1 сағат белсенді жүру кезінде 500 ккал жұмсалады.

1 кг салмақ - 7700 калория. Яғни, 1 кг артық салмақтан арылу үшін шамамен 154 000 қадам жасау керек. Егер артық салмақтан арылу мақсат болса, қарқынды жүру керек болады.

Дәрігерлер жүрген қадамды емес, жалпы физикалық белсенділіктің қосындысын есепке алуға кеңес береді. Десе де, сізге жүрген қадам саны маңызды болса, қазір анрайы фитнес-білезіктер, ұялы телефонда қосымшалар бар.

Арықтау үшін тек жаяу жүру жеткіліксіз
Арықтауға басқа да факторлар әсер ететінін ескеру қажет. Физикалық белсенділіктен басқа өмір салты мен тамақтануыңыз да дұрыс болуы керек. Сондай-ақ су режимін сақтау керек.

Жақсы нәтиже болуы үшін дәрігермен немесе диетолог маманмен кеңескен жөн. Мұндай мамандар сіздің жеке энергетикалық тепе-теңдігіңізді есептеп, тамақтану және физикалық белсенділік бойынша жеке сізге арналған ұсыныстар береді.

Кімдерге және қандай жағдайда көп жүруге болмайды?
Еске салайық, бұған дейін кей адамдарға ұзақ жаяу жүруге болмайтынын жазғанбыз.

Жаяу жүру денсаулыққа пайдалы болғанымен, ШЖҚ "Отбасылық медицина орталығының" жалпы тәжірибелік дәрігері Сейтмағұлова Ақботаның айтуынша, кей жағдайларда оған қарсы көрсетілім бар.

"Біріншіден, адамға жақында ота жасалған болса, оған уақытша ұзақ жаяу жүруге тыйым салынады. Себебі физикалық белсенділік тігістің ашылып кету қаупін арттыруы, оның жазылуын баяулатуы және ауыруды күшейтуі мүмкін. Екіншіден, созылмалы аурулар асқынған кезде, соның ішінде жоғары қан қысымы немесе жұқпалы процестер кезінде ұзақ жүруге болмайды. Үшіншіден, қимыл-тірек аппаратының бұзылуы кезінде проблема ушығып кетпес үшін ұзақ жүрумен айналыспаған жөн", - деп кеңес берді Сейтмағұлова Ақбота

Сурет: ашық дереккөз 
29 шілде 2024 ж. 118 0