Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Күніне 10 000 қадам жасау арқылы арықтауға бола ма?

Күніне 10 000 қадам жасау арқылы арықтауға бола ма?

Жүру – салауатты өмір салтын сақтаудың және физикалық белсенділікті арттырудың ең қарапайым әдісі. Көпшілік адам физикалық формасын сақтау үшін күніне 10 000 қадам жүруге тырысады. Адам күніне 10 000 қадам жасау арқылы қанша калория жаға алады?

10 000 қадамнан қанша калория жағылады?

Жүру кезіндегі жағылатын калория мөлшеріне түрлі факторлар әсер етеді. Мысалы: адамның салмағы, жүру қарқындылығы және қадамдар жылдамдығы. Алайда жалпы ереже бойынша, адам жүру кезінде өз салмағының әр килограмына бір қадамға шамамен 0,03-0,06 калория жағады. Мысалы, салмағы 70 кг адам 10 000 қадам жасаса, шамамен 210-420 калория жағады.

Қаншалықты жылдам жүрсеңіз, соншалықты көп калория жағасыз. Жаяу жүрудің адам денсаулығына тигізер пайдасы мол. Жаяу жүрудің пайдасы жайлы мына жерден оқыңыз.

Егер жүруді басқа физикалық белсенділіктермен үйлестірсеңіз, калорияны көбірек жағасыз. Мысалы, оған жеңіл жаттығулар қоссаңыз немесе баспалдақпен көтерілсеңіз, энергия шығыны көбірек болады.

10 000 қадам жасау арқылы арықтауға бола ма?

Күніне 10 000 қадам жасау арқылы артық салмақтан арылуға болады. Бірақ арықтауға басқа да факторлар әсер ететінін ескеру қажет. Физикалық белсенділіктен басқа өмір салты мен тамақтануыңыз да дұрыс болуы керек. Сондай-ақ су режимін сақтау керек.

Жақсы нәтиже болуы үшін дәрігермен немесе диетолог маманмен кеңескен жөн. Мұндай мамандар сіздің жеке энергетикалық тепе-теңдігіңізді есептеп, тамақтану және физикалық белсенділік бойынша жеке сізге арналған ұсыныстар береді.

Жалпы күніне 10 000 қадам жасау - салауатты өмір салтын сақтауға жақсы бастама.

massaget.kz
08 қыркүйек 2023 ж. 309 0