Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыс антициклонының әсеріне қарамастан, солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда өткінші жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі, еліміздің қиыр солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың тауларында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Ал Сарыарқа даласында және еліміздің оңтүстігіндегі шөлді аудандарда ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Еліміздің батысында, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күндізгі уақытта қатты ыстық сақталады, еліміздің оңтүстік-шығысында 1 тамызда жекелеген аудандарда +41°дейін өте қатты ыстық болады деп болжанып отыр.

Сурет: aikyn.kz
29 шілде 2024 ж. 138 0