Тамыздың алғашқы күндері ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» синоптиктері 1, 2 және 3 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.Мамандардың мәліметіне сәйкес, елдің барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, күн күркіреп, жел күшейеді, жаңбыр мен бұршақ жауады.
Тек Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашын күтілмейді.
«Елдің батысында күндіз ауа температурасы +31...+36 градусқа дейін көтеріледі, республиканың қалған бөлігінде температураның біртіндеп төмендеуі күтіледі», дейді синоптиктер.
Сурет: egemen.kz










