Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаздың соңғы үш күніне арналған ауа райы болжамы

Жаздың соңғы үш күніне арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 29-31 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауа райы болжамына сәйкес, республиканың барлық аумағында дерлік ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі.

«Ауа температурасы түнде 3-11 градусқа дейін, күндіз 10-18 градусқа дейін төмендейді», деп хабарлады синоптиктер.

«Қазгидромет» РМК атап өткендей, тек республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында аптаның басында күн жылы болады, кейін аптаның соңына қарай ауа температурасы түнде 10-15 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз 20-25 градус жылы болады.
28 тамыз 2023 ж. 253 0