Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Синоптиктер 24-26 тамыз күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, екпінді жел соғады және бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтілуде.

"Республиканың солтүстік облыстарында ауа температурасы төмендейді деп күтілеуде. Түнде солтүстікте ауа температурасы 7-12 градус Цельсийге және күндіз 17-22 градусқа дейін төмендейді. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында температуралық фонның айтарлықтай өзгеруі күтілмейді және ауа райы жауын-шашынсыз болады", - делінген хабарламада.

Фото: aikyn.kz
23 тамыз 2023 ж. 138 0