Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамның мұз жегісі келуі ағзадағы проблеманы білдіруі мүмкін

Адамның мұз жегісі келуі ағзадағы проблеманы білдіруі мүмкін

Кейде адам мұз жегісі келеді. Бұл қажеттіліктің нақты себептері бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "News.ru"-ге сілтеме жасап.

Мұз жегісі келе беру пагофагия деп аталады. Адамның мұз жегісі келуі бекер емес. Оның нақты себептері болуы мүмкін.
Бірінші себеп - темір тапшылықты анемия. Қандағы эритроциттердің жетіспеушілігі тіндерде оттегінің жетіспеушілігіне әкеледі. Темір болмаса, эритроциттер түзілмейді.

Екінші себеп - парорексия. Бұл тамақтанудың бұзылуы. Онымен қиналатын адамдар қоректік құнарлылығы жоқ нәрсенің бәрін жейді. Әдетте, оған балалар мен жүкті әйелдер шалдығады. Оған қоса, ол жиі аутизмі бар немесе қатты күйзелісте жүрген адамдарда кездеседі.

Сурет: ашық дереккөз
04 тамыз 2024 ж. 101 0