Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ағылшын тілі – заман талабы

Ағылшын тілі – заман талабы

ХХІ ғасыр дамыған заман. Қазіргі таңда өндірістің де, саланың да, ғылыми ашылулардың барлығы да тікелей тіл білумен байланысты. Осы тұрғыдан алғанда әлемдік ортақ тіл Ағылшын тілінің маңызы зор. Себебі ортақ тіл жаңадан ашылған тың ақпараттардан мәһрүм болмауыңа, яки санаңның дамуына ықпал етеді. Яғни әлемдік ортақ тіл ағылшын тілінің заманауи ортақтасуы нәтижесінде, тілдің кең ауқымды көлемінің артықшылығы мен пайдасы ұшан-теңіз екендігін анық байқауға болады.
Қазіргі заман талабы тікелей ағылшын тілі саласына байланысты. Бұл тілді жітік меңгеру арқылы адамзат, көптеген жетістіктерге жете алады. Яғни қазіргі таңда білім, ғылым, медицина, даму, өркендеу сынды заманауи факторлар ағылшын тіліне байланысты. Мәселен көп студенттер, жас мамандар шет елдерге шығып білім алуға, саяхаттауға тырысады. Осы тұрғыдан алғанда көп студенттеріміз тілді нашар білгендіктен біраз кедергілерге ұшырап жатады. Яғни сіз ағылшын тілін білмеген жағдайда шетелдерге шыға алмауыңыз мүмкін. Егер де шыққан жағдайда да тіл мәселесі бойынша көптеген кедергілерге ұшырайсыз. Ағылшын тілін білмеудің зардабы туралы «Тілдік шектеулерім, менің әлемдік шектеулерім болып табылады»,-деп Людвиг Витгенштейн өз пікірін білдіріп кеткен болатын. Сондықтан да ағылшын тілі заман ағымына сай дамудың жаңа кодексі болып табылады.
Шет тілін білу сән емес, заман талабы екені белгілі. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған еліміздің даму стратегиясында қазақ тілін өркендету мен шет тілдерді оқыту мәселесіне айрықша мән берілген. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етеді. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді.
Ел басымыздың Қазақстан халқына жолдаған жолдамасында «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз қажет»,- деп айтып өткендігіндей, ағылшын тілін өз болашағымыз үшін үйренбек керек. Себебі әлем үшін ортақ тіл – ағылшын тілі. Тіпті біз күнделікті оқып жүрген У.Шекспир, П.Ньютон, Д.Карнегии сынды жазушы, ғалымдардың өздері өзге ұлттан болса да, көптеген танымал еңбегін ағылшын тілінде паш еткен. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, ағылшын тілі заман талабы болғандықтан оны білуіміз де, үйренуіміз де өз болашағымыз үшін маңызды деп білемін.
Құндызай Әсетқызы,
№2 ОММЛИ-ның оқушысы
06 тамыз 2024 ж. 129 0