Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Суды ысырап еткендерге айыппұл мөлшері артатын болды

Суды ысырап еткендерге айыппұл мөлшері артатын болды

Суды ысырап етіп, ресурсты пайдалануды бұзғандарға айыппұл көлемі 5 есе ұлғаяды, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Заң жобасына тиісті түзетулерді Су ресурстары және ирригация министрлігі дайындады. Осылайша су объектілерін қолдануға арналған тыйым белгілерін жойғаны және оны заңсыз иеленгені үшін жеке тұлғаларға 5-тен 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни 184 мың теңге айыппұл салынады.

Ал лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіп иелері үшін оның көлемі 300 айлық есептік көрсеткіш болмақ.

Сондай-ақ, суды мақсатсыз пайдаланғаны үшін де жауапкершілік артады. Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 10-нан 50, лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлерге 100 айлық есептік көрсеткіш болады.

Жеке тұлғалар үшін – 50 АЕК;
Лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілер немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 100 АЕК;
Орта кәсіпкерлік субъектілер үшін – 150 АЕК;
Ірі кәсіпкерлік субъектілер үшін – 850 АЕК.

Сурет: egemen.kz
13 тамыз 2024 ж. 188 0