Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Егде жастағы науқас онкологиялық аурумен күресуде

Егде жастағы науқас онкологиялық аурумен күресуде

Қатерлі ісік - жасына, жынысына немесе өмір салтына қарамастан кез келген адамда пайда болуы мүмкін жасырын ауру. Статистикаға сүйенсек, аурушаңдық жағдайларының басым бөлігі 60 жастан асқан адамдар арасында кездеседі. Қызылорда облысында сүт безі обыры бірінші орында. Бұл аурумен облыстық онкологиялық орталықтың 71 жастағы пациенті күресуде. Дәрігерлердің болжамдары жақсы.
Шиелі ауданы Бидайкөл ауылының тұрғыны Тәжігүл Балтабаева ауруханаға кеудесіндегі үлкен ісікпен түсті. Ісікті азайту үшін науқасқа химиотерапия тағайындалды. Осыдан кейін ғана онкологиялық орталықтың дәрігерлері сүт безін алып тастау үшін ота жасады. Қазір Тәжігүл апа химиотерапия курстарын жалғастыруда.
«Менде осы ауру бар екенін алғаш білгенде қатты қорқып кеттім. Туыстарым, дәрігерлер қолдау көрсетті. Жасыма қарамастан, отаны, химиотерапияны сәтті өттім. Тексеру, емдеу, дәрі – дәрмектер - мұның бәрі тегін. Егер өз қаражатымызбен сатып алсақ, бір зейнетақы да жетпейді. Медицина қызметкерлеріне жақсы ем үшін мың алғыс», - дейді Тәжігүл Балтабаева.
Облыстық онкологиялық орталықтың диспансерлік есебінде 5 703 пациент бар. Көбінесе бастапқы, бірінші кезеңмен. Мамандардың айтуынша, ерте сатысында ісігі бар науқастардың толық емделу мүмкіндігі жоғары. Сондықтан уақтылы скринингтен өту маңызды. Тексерудің барлық түрлерінен өту үшін пациенттің МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесі болуы қажет.
«Химиотерапияда қымбат тұратын таргенттік, иммундық препараттарды қолданамыз. Олар қатерлі ісіктің 3 және 4 сатысы бар науқастардың өмірін ұзартуға мүмкіндік береді. Мысалы, бауыры мен сүйегіндегі метастаздарымен сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын науқас бар. Қазір болжам жақсы», - деп атап өтті облыстық онкологиялық орталықтың бөлімшесінің меңгерушісі Майя Ақбарова.
Биыл облыстық онкологиялық орталыққа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 4,7 млрд теңге бөлінді.
13 тамыз 2024 ж. 280 0