Елімізде пневмонияға шалдыққандар саны артты

Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 19,2 пайызға артық. Мамандар қалыптасқан жағдайды әлем бойынша омикрон штамының әлі де басымдық көрсетіп тұрғанымен байланыстырады.
Ал көршілес Ресейде COVID-19 өршіді. Өткен аптада коронавирусқа шалдыққандардың саны 30 пайызға артты. Бір жұманың ішінде дерттен 14 адам қаза тапқан. Ресейдің 59 аймағында аталмыш ауру түрінің таралуы байқалған. 5-11 тамыз аралығында осы диагнозбен 1100 адам ауруханаға жатқызылған.
Сондай-ақ Оңтүстік Корея жұрты үшін де қауіп төніп тұр. Өйткені, тамыздың соңында бұл мемлекетте коронавирустың таралуы шарықтау шегіне жетуі мүмкін. COVID-19-ға шалдыққандардың саны маусымның соңынан бастап өскен. Мәселен тамыздың бірінші аптасында 861 адам ауруханаға түсті. Ал емханаға жатқызылған 12 мың 410 науқастың жартысынан көбі 65 жастан асқан азамат екен.
Сурет: inbusiness.kz