Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзге біреудің картасымен сауда жасап жүрген

Өзге біреудің картасымен сауда жасап жүрген

Астанада өзгенің банк картасынан заңсыз сауда жасаған күдікті анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астана тұрғыны кешкі уақытта банк картасының теңгерімін тексеріп, өзі жасамаған саудалар үшін шотынан ақша есептен шығарылғанын байқаған. Біреу оның ақшасын асыра пайдаланғанын түсінген жәбірленуші полицияға хабарласқан.

Алматы ауданы ПБ қызметкерлері картаны 33 жастағы ер адам автобустан тауып алғанын анықтады. Картаны иесіне қайтарудың немесе банкке хабарласудың орнына, ол бөгденің ақшасын өзінің қажеттіліктеріне жұмсаған.

Ол дүкендерде сауда жасап жүріп, күдікті 71 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер оның елордадағы қоғамдық көліктерінде жасалған басқа да ұрлықтарға қатысы бар екенін анықтады.

Сурет: massaget.kz

15 тамыз 2024 ж. 200 0