Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Су ішу" үшін үйіне бірге баруды өтінген: Астанада зейнеткер тоналды

"Су ішу" үшін үйіне бірге баруды өтінген: Астанада зейнеткер тоналды

Астана тұрғыны зейнеткерді алдап, 300 мың теңгесін ұрлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, қарт кісі зейнетақысын алуға поштаға барған, егде жастағы адамның жалғыз екенін байқаған ұрлықшы, жанына барып, әңгіме дүкен құрып, "су ішу" үшін үйіне бірге баруды өтінген.
    "Пәтерге кірген ұры қарт адамды күшпен итеріп жіберді де, қолынан 300 мың теңгеден астам ақшалай қаражаты бар сөмкесін тартып алды. Содан кейін ол қашып кетті", - деді Астана ПД өкілі.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полицейлер елорданың 35 жастағы тұрғынын ұстады. Ол ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын мойындады.

Тонау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам Астана ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы тексеріледі.

Қазақстандықтарды қырағы болуға, бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Көбінесе қарт адамдар алдаудың құрбаны болады, олар мұндай жағдайларда өзін қалай ұстау керегін түсіндіріп, заңсыз әрекеттер туралы дереу полицияға хабарлауы керек.

Сурет: massaget.kz
11 тамыз 2024 ж. 244 0