Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол жүргенде ұстанатын ырым-тыйымдар қандай?

Жол жүргенде ұстанатын ырым-тыйымдар қандай?

Әр халықтың дәстүр-салты мен діни наным-сеніміне байланысты ырым-тыйымдары бар. Оқырман назарына қазақ халқының жол жүргенде ұстанатын ырым-тыйымдарын ұсынамыз.

- Жолда иір-иір із болса, әлгі ізден аттап өтпейді. Неге десеңіз, жылан бір бірімен айтысып, апатқа шығады деген сөз бар.

- Әйелге жолаушының алдын кесіп өтуге рұқсат етілмейді.

- Жолда кездескен адамнан «қайда барасың?» деп сұрамайды, «жол оң болсын!» деп айту керек.

- Өтіп бара жатқан қазақтар ауылға арт жағынан келеді және ауылды мекендеушілермен үйдің арт жағынан сөйлеседі, бірақ ешбір жағдайда алдыңғы жақтан сейлеспейді.

Жүкпен жолға шыққанда, үйден тұз алмайды. Еркекке жүрелеп отыруға болмайды, өйткені ол қырық адамның жолын бөгейді. Егер әйел жүрелеп отырса, онда ол қырық адамның жолын оңғарады, яғни, қырық адамға бақыт пен игілік әкеледі.

(Мәлімет Әділ Ахметовтың «Түркі әлемінің ырым-тыйымдары» атты еңбегінен алынды)

Ақпарат көзі: egemen.kz
Сурет: ашық дереккөз 
21 тамыз 2024 ж. 89 0