Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Той жасамадық". Жақында тұрмысқа шыққан Айгүл Иманбаева мәхрге не сұрағанын айтты

"Той жасамадық". Жақында тұрмысқа шыққан Айгүл Иманбаева мәхрге не сұрағанын айтты

Жақында ғана тұрмысқа шыққан танымал әнші Айгүл Иманбаева күйеуінен мәхрге не сұрағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айгүл Иманбаева "Мамский әңгіме" подкасында өзінен кіші жігітке тұрмысқа шыққанын мәлімдеп, онымен қалай танысқанын айтқан болатын. Соынмен қатар, үйлену тойын өткізбей жай ғана неке қиғанын және мәхрге не сұрағанын да хабарлады.

"Жаңа жылды бәріміз Лондонда қарсы алғанбыз. Ұлым мен келінім, оның қызы да келді. Сол кезде ресми баламмен таныстырдым. Күйеуім ұсыныс жасағанда, "Мен не істейін" деп ұлыма хабарластым. Менің жалғыз жүргенім оның жанына бататынын сезетінмін. "Мама, оның бойында ешқандай комплексі жоқ. Өзіне не қажет екенін білетін, ақыл тоқтатқан, білімді адам. Маған Ерлан аға ұнайды. Бақытты болыңыз" деді. Сөйтіп Лондонда некеміз қиылды. Қазіргі тапқан адамым - мәңгілік махаббатым. Саналы түрде шешім қабылдадым. Бақытты сәтімде ұлым да, құрбым да жанымнан табылды. Мәһрге көлік сұрадым. Күйеуім той жасауға қатысты ойымды сұрады. Мен қарсы болдым. Бірақ құдалық өтіп, орамал салып, келіншай бердім", - деп қалай тұрмысқа шыққанын баяндап берді Айгүл Иманбаева.


Сурет: ​massaget.kz​​​
22 тамыз 2024 ж. 227 0