Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Айгүл Иманбаева 1 сәуірде Англияға көшеді

Айгүл Иманбаева 1 сәуірде Англияға көшеді

Актриса, әнші Айгүл Иманбаева «Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсті, деп хабарлайды Экспресс К.
Оның таңдауы Ұлыбританияның Лондон қаласына түскен. Бұл туралы ол «Өмір көркем» бағдарламасында айтты.

«Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбритания елінің Лондон қаласындағы арт-менеджемент мамандығы бойынша тағылымдамаға түстім. Бұған дейін екі жоғары диплом алғанмын. Магистратураны бітіргенмін. Бірақ маған дәл осы тағылымдамада қажет болып тұр, – дейді Айгүл Иманбаева.

Ол басында Қазақстанда докторантураға тапсырамын деп қатты дайындалған.Алайда IELTS деңгейі жетпеген. Оның қазіргі деңгейі үш болса, емтиханнан өту үшін алты болу керек.

IELTS емтиханын қарап шықсам, қиындықтар көп болды. Өзіммен-өзім күрескім келді. Кімді алдаймын? Ығай-сығайға жоқ адаммын. Сондықтан «Англияда оқып келіп, докторантураға емін-еркін тапсырамын» деген мақсат қойдым. Сәуір айының 1-і күні жол жүремін,- дейді әнші.

syrboyi.kz
Фото: exk.kz
03 ақпан 2023 ж. 1 529 0