Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «А» вирусты гепатиттің алдын алу

«А» вирусты гепатиттің алдын алу

«А» вирусты гепатит- вирусты ішек инфекцияларының ішіндегі дүние жүзіне ең көп таралған жұқпалы аурулардың түрі .Халық арасында «сары ауру» атауымен белгіліаурудың қоздырғышы ауыз қуысы арқылы адам ағзасына еніп ,ең алдымен бауырды зақымдайды.Жұқпамен негізінен 2 мен 14 жас аралығындағы балалар ауырады. Олар барлық ауруға шалдыққандардың 80 пайыздан астамын құрайды.Аурушаңдық жылдың барлық мезгілінде тіркеледі, дегенмен оның жиі тіркелуі жылдың жазғы-күзгі мезгілдерінде байқалады .
«А» вирусты гепатитпен тек адам ауыратындықтан, аурудың жұғу көзі-науқас адам. Жұқпаның берілу жолдарында су, тағам,тұрмыстық жанасу жолдары үлкен орын алады. Сонымен қатар ауру қоздырғышын таратуда шыбынның ролі зор.
Ауру қоздырғышы-вирус,қоршаған ортағаөте төзімді,-20 0 С-та бірнеше жыл, 18-220 С –та бірнеше апта , нәжісте 1 ай, суда 3-10 айға дейін сақталып, 100 0 С температурада қайнатқанда 4 минут ішінде ,ультракүлгін сәулемен шарпығанда 1 минутта, ал құрамында хлоры бар препараттың әсерінен 15 минуттан кейінжойылады.
Қоздырғыш адам ағзасына түскеннен кейін жасырын кезеңде (сарғаюдың алды) орташа есеппен 14-35 күн арасында ауру белгілері пайда болады. Кей жағдайда тұмауға ұқсас өтуі де мүмкін,яғни дене қызуы 38-390 С-қа көтеріліп, әлсіздік, енжарлық, ұйқысыздық, бас айналу,бұлшық еттердің ауруы сезіледі.Кейін аурудың клиникалық белгілері дамып, асқазан ішек қызметі бұзылады: тәбет төмендеп, лоқсу,кейде құсу, ауыздағы ащылық, кекіру, іш қату немесе іш өту белгілері пайда болып,оң жақ қабырға асты сыздап ауырады және бауыр көлемі үлкейеді, кіші дәрет түсі қоңырланып, нәжіс түссізденеді, тері қабаттары,көздің ақ қабығы сарғаяды. Кейбіреулерінде қышыну белгілері болады. Науқас сарғайғанға дейінгі кезеңдерде айналасына қауіпті,өйткені ол «А» вирусты гепатитпен ауырғанын білмей, денсаулығына жеңіл желпі-қарап, аурудың алғашқы белгілерінде емделмей,сыртқы ортаға көп мөлшерде вирус бөліп, өзімен қарым-қатынаста болған адамдарға жұқтырады.
«А» вирусты гепатиттің алдын алу шаралары- халықтың сапалы ауыз сумен, тағаммен қамтамасыз ету, ұйымдасқан балалар ұжымдарында (мектептер мен мектеп-интернаттарда,бала бақшаларда, орта оқу орындарында) балаларға қайнаған сунемесеқұтыға құйылған таза су түрінде беру, жеке бас тазалық шараларын сақтау, қолжуғыштармен, сұйық сабындармен, бірмәртелік қолсүрткіштермен қамтамасыз ету, буфетте, асханада, санитарлық тораптарда сынып, топ бөлемелерінде ағымдағы жинау, жуу, тазалау жұмыстарын сапалы жүргізу тәрізді ережелерді қатаң сақталуы қажет.
«А» вирусты гепатиттің ерекше профилактикасы вакцинациялау болып табылады. Алдын ала егу шарасының күнтізбесіне сәйкес балалардың 2 жасынан бастап6 ай аралықпен екі мәрте «А» вирусты гепатитке қарсы егу шарасы жүргізіледі.Соның нәтижесінде республика бойынша аурушаңдықтың тіркелу деңгейі төмендеп отыр, соңғы 7-8 жыл шамасында аудандағы балалар арасында жұқпа мүлдем тіркелмеген, дегенмен аудан көлемінде 2023 жылы 10 ауру, 2024 жылдың 6 айында 22 ауру тіркелді. Ауырған балалар мен жасөспірімдердің 80 пайызға жуығы жасына сәйкес егілмеген.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңызды «А» вирусты гепатитке қарсы уақытылы ектіру-аурудың алдын алу шараларының негізгі жолдарының бірі болып табылатындығын Сіздердің естеріңізге саламыз.
А.САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы 
27 тамыз 2024 ж. 174 0