Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еурохаттама жаңашылдығы

Еурохаттама жаңашылдығы

Қазір жол-көлік қозғалысы өміріміздің ажырамас бөлшегіне айналғандай. Онсыз қалыпты өмірді елестету мүмкін емес. Жол-көлік қауіпсіздігін сақтап, ондағы жазатайым апаттан аман болу кез-келгеніміздің тілегіміз. Өкінішке қарай, темір тұлпар тізгіндегендердің жол жүрісі қағидаларының қандай да бір талаптарын сақтамауынан орын алып жататын жазатайым жол-көлік оқиғаларына куә болып жүрміз.
Статистикалық мәліметке сәйкес, жол жүрісі қағидаларын бұзған көлiк құралдары жүргiзушiлеріне жауаптылық көздейтін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабымен Арал аудандық сотында жыл басынан бері 43 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, барлығы бойынша әкімшілік шара көрілген.
Көріп жүргеніміздей, елімізде жол-көлік оқиғасын ресімдеу белгілі бір шараларды атқарудан тұратын ұзақ процесс. Алдымен оқиға орнына жол полициясы келіп, хаттама толтырса, сосын апатты жағдайға тап болған жүргізушілер медициналық мекемеге барып, сонан соң жол көлік оқиғасында кімнің кінәлі екендігі сотпен анықталып, әкімшілік жаза қолданылады. Олар осыдан соң біраз уақыттан кейін ғана сақтандыру төлемдеріне қол жеткізеді. Енді бұл процесс айтарлықтай жеңілдеп отыр.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мардымсыз жол-көлік оқиғалары (ЖКО) болған жағдайда, азаматтар полицияны шақырмай және соттың шешімінсіз жеңілдетілген тәртіппен сақтандыру оқиғасын ресімдей алады. Бұл үшін мемлекет Еурохаттама арнайы қосымшасын әзірледі.
Дегенмен, барлық жол-көлік оқиғасын бұл қосымша арқылы рәсімдеуге болмайды. Оның өз талаптары бар.
Нақтырақ айтқанда, Еурохаттама ЖКО-на екі көлік құралы ғана қатысса; ЖКО-на қатысушыларда қолданыстағы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру болса; ЖКО-сы нәтижесінде қатысушылардың көлік құралдарына ғана шығын келтірілсе (өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген зардап шегушілер болмаса, үшінші тұлғалардың мүлкі бүлінбесе); ЖКО-на қатысушыларда бір тараптың кінәлі, екіншісінің зардап шегуші болуына қатысты келіспеушіліктер болмаса; келтірілген шығынның шекті сомасы 100 АЕК-ке дейін, яғни – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 369 мың теңге болса, қолданылады.
Жол-көлік оқиғасын «Еурохаттама» мобильдік қосымшасы арқылы ресімдеуге болады.
З.Сермағамбетова,
Арал аудандық соты әкімшісінің басшысы.

29 тамыз 2024 ж. 86 0