Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Республиканың солтүстігі мен шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады
Қазгидромет синоптиктері 5-7 қыркүйек аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Жаңбыр жауып, күн күркірейді.

Республиканың солтүстігі мен шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады.

7 қыркүйек түнде елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында ғана антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша жел күшейеді деп болжанып отыр.

Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік және шығыс аймақтарда тұман түседі.

Топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Сурет: sn.kz
05 қыркүйек 2024 ж. 77 0