Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде күзгі әскерге шақыру маусымы басталды

Елімізде күзгі әскерге шақыру маусымы басталды

Биылғы жылы сарбаздарға қызмет ету кезеңінде және әскерден босатылғаннан кейін екі ай уақытқа несиелік демалыс беріледі.

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру маусымы басталды

Президенттің 2024 жылғы 1 ақпандағы жарлығына сәйкес, елімізде күзгі әскерге шақыру басталып, желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.
Күзгі әскерге шақыру науқаны барысында Қазақстан армиясының қатары 20 мыңнан астам сарбазбен толығады. Мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға негіздері жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтар шақырылады. Күзгі шақыру барысында:

Қарулы күштердің,
ІІМ Ұлттық ұланының,
ҰҚК Шекара қызметінің,
ТЖМ және Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері жасақталатын болады.
Биылғы жылы сарбаздарға арналған артықшылықтар заң жүзінде бекітілді.

Оларға қызмет ету кезеңінде және әскерден босатылғаннан кейін екі ай уақытқа несиелік демалыс беріледі. Бүгінгі таңда 6 мыңнан астам әскери қызметшінің 1 млрд 828 млн теңге сомасындағы төлемдері кейінге шегерілді.

Отан алдындағы борышын өтеген азаматтарға студенттік жатақханадан орын беру жеңілдіктері де қарастырылған.

Бүгінгі таңда әскерде қызмет еткен мың жарымнан астам азамат жоғары оқу орындарына тегін, ал ақылы түрде 700-ден астамы оқуға түсті.

Осы жылдың көктемінде запасқа шығарылған 400-ден астам әскери қызметші келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасты.

Ақпарат көзі: https://turkystan.kz.
Сурет: ашық дереккөз 
06 қыркүйек 2024 ж. 113 0