Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Димаш Құдайбергенді тербеген бесік музейге қойылды

Димаш Құдайбергенді тербеген бесік музейге қойылды

Елімізге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің бала кезде жатқан бесігін енді мұражайдан көре аласыз, деп хабарлайды syrboyi.kz.

Бұл туралы танымал журналист Бауыржан Бабажанұлы өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Құдайберген аға мына бесікті 1970 жылы Қанат Айтбаев дүниеге келгенде арнайы жасатыпты. Кейін Димаш та осы бесікке бөленген. Әкелі-балалы екеуі ғана емес, осы әулеттің 22 адамын тербеген құтты бесік бұл! Бүгін Ұлттық музейде Димаштың шығармашылығына арналған көрме ашылды. Көрмеге келген жұртта есеп жоқ. Көбі шетелдіктер. Олар біздің ұлдың әрбір басқан қадамына үңіліп жатыр. Келіңіздер, көріңіздер», – деп жазды ол.

Айта кету керек, көрме 6 қазанға дейін созылады.

Сурет: ашық дереккөз 
13 қыркүйек 2024 ж. 72 0