Димаш Құдайбергеннің әкесі мемлекеттік медальмен марапатталды

Қуанышты хабарды Димаштың анасы Света Айтбаева жеткізді.
“Жаңа Жыл жақсы жаңалығымен басталып жатыр, шүкір! Қанат Елбасы жарлығымен “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды. Құтты болсын!” – деп бөлісті ол желіде.
Айта кетейік, Қанат Айтбаев жуырда ғана “Тіл жанашыры” төсбелгісімен марапатталған еді.