Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қан қысымы дәрілерін қай уақытта қабылдаған дұрыс?

Қан қысымы дәрілерін қай уақытта қабылдаған дұрыс?

"Науқастар қан қысымын төмендететін дәрілерді күніне бір рет кез келген ыңғайлы уақытта іше берсе болады", - деді Колумбия университетінің профессоры және жаңа зерттеудің авторы Рики Турджеонның сөзіне сілтеме жасап.Инфаркт пен инсульттің қаупі қай уақытта?

Ал Светлана Мартынованың айтуынша, инфаркт пен инсульттің қаупі таңертең басым болады. Көп жағдайда инфаркт таңғы 6-дан 9-ға дейін, инсульт таңғы 4-тен 6-ға дейін болады. Сондықтан қан тамырлары ауруының қауіптілігін азайту үшін гипертониясы бар науқастарға әдетте кешке, ұйықтағанға дейін қан қысымын төмендететін дәрі-дәрмектерді қабылдау ұсынылады. Оның себебін жүрек-қан тамырлары ауруларының нәтижелерін күндізгі қан қысымына қарағанда, түнгі қан қысымынан жақсы болжауға болатынында деп түсіндірді сарапшылар.

Уақыт емес, жүйелілік маңызды

Профессор Турджонның сөзінше, түнде зерттелген препараттардың нәтижесі әртүрлі болып шыққан.

Зерттеушілер нақтырақ білу үшін бес топтың зерттеу деректерін талдап, түндегі және таңертеңгі гипертензияға қарсы препараттарды қабылдауды салыстырып шыққан.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ғалымдар дәріні қабылдау уақыты нәтижеге әсер етпейді деген қорытындыға келді. Сонымен қатар дәрілерді қабылдаудың уақыты қайталама ауруларға, соның ішінде сынықтарға да, глаукомаға және ойлау мен есте сақтаумен байланысты бұзылыстарға да еш әсері жоқ екені айтылды.

Яғни ең бастысы – уақыт емес, қабылдаудың жүйелілігі маңызды екені белгілі болды.

    "Бұл нәтижелерден науқастар өздерінің қан қысымы дәрілерін бастысы – естеріне түскен кезде ішсе болғаны екенін ұғуға болады. Белгілі бір уақыт маңызды емес, таңертең немесе кешке ішу керек деген қағида жоқ. Ең бастысы, олар дәрі-дәрмекті күн сайын қабылдап отырса болғаны", - деп түсіндірді Британ жүрек қорының бас ғылыми және медициналық қызметкері, профессор Брайан Уильямс.

Дина Литпин

Ақпарат көзі: massaget.kz
Сурет: ашық дереккөз
14 қыркүйек 2024 ж. 69 0