Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану және оны қолдану кезінде салықтарды есептеу тәртібі

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану және оны қолдану кезінде салықтарды есептеу тәртібі

Кәсіпкерлердің кірістерді толық көрсетпеуі не арнайы салық режимін сақтау және қосылған құн салығы шегінен асып кетпеу үшін бизнесті бірнеше дара кәсіпкерлікке бөлетіні белгілі.Кәсіпкерлерді көлеңкеден шығаруға ынталандыру үшін заңнамалық жағдайлар жасаудағы үлкен қадамы 2023 жылдан бастап жаңа форматта бөлшек салықты енгізу болды.Пандемия кезінде бұл салық экономиканың зардап шеккен секторлары үшін уақытша енгізілді, ол 114 қызмет түрін қамтыған.
Қазір 2023 жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Заңға қол қойып, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне өзгерістер енгізді.
Сонымен бөлшек салықтың арнаулы салық режимін Салық Кодексінің 696- 3- бабына саймына шарттарға сәйкес келген салық төлеушілер қолдануға құқылы:
– Кәсіпкер 200-ге дейін жұмысшыны жалдауға құқылы;
– Шекті табыс 600 мың айлық есептік көрсеткіш немесе
2 миллиард 70 миллион теңгені құрайды. Осы шектің шеңберінде кәсіпкер қосылған құн салығының төлеушісі болып табылмайды, бұл бұрын бизнесті бөлудің негізгі себебі болған;
– Осы режимді қолдану үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі бөлшек саудаға және негізінен халыққа қызмет көрсетуге байланысты 190 қызмет түрін қамтиды.
Экономикалық қызметтің жалпы тізбегі негізінен жеке тұлғалар үшін тауарларды сатуға және қызметтер көрсетуге бағытталған 190 қызмет түрі кіреді. Оның ішінде бөлшек сауда, автомобильдер, киім-кешек пен жиһазды жөндеу, ағаш өңдеу, сырлау және сылақ жұмыстары, жолаушы тасымалы, сондай-ақ қоғамдық тамақтану және т.б қызмет түрлері кіреді.
Оңайлатылған декларация режимімен салыстырғанда, мөлшерлеме қосылған құн салығы бойынша шығындарды ішінара өтеу үшін небәрі
1 пайызға көтерілді және 4 пайызды құрайды. Жалпы алғанда, осы 4 пайызға 3 салық кіреді: табыс, әлеуметтік салық және қосылған құн салығы.
Бөлшек салық ставкалары:
– 4% - Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде салық кезеңі үшін алынған (алынуға жататын) барлық кірістер бойынша. Сондай-ақ, жергілікті мәслихаттар жекелеген салалар үшін мөлшерлемені 2 пайызға дейін төмендетуі мүмкін. Яғни біз жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлін арттырдық, мөлшерлемені реттеу арқылы белгілі бір саланың дамуын ынталандыруға мүмкіндік берілді;
– Сондай-ақ, ірі кәсіпорындардың салығын төмендету үшін дара кәсіпкерлерді пайдалануын болдырмау мақсатында шығыстарды сатып алушы шегерімге жатқызған кезде салықтың жоғары мөлшерлемесі белгіленді. Бұл – 8 пайыз.
Шығындар сомаларын шегерімге жатқызу үшін сатып алушы бөлшек салық режимін қолданатын тұлғадан ЭШФ жазуды немесе осындай сатып алушының ЖСН/БСН көрсете отырып чек беруді талап етуге құқылы.
Бөлшек салық режимін қолданудың артықшылықтары:
1) айналым мөлшеріне қарамастан табыс бойынша белгіленген шегіне дейін ҚҚС бойынша есепке тұрмауға құқылы.
2) әлеуметтік салық төлеушілер емес;
3) салық салу объектісін (шығыстарды шегермей кірістер) қызметкерлердің жалақысын төлеуге арналған шығыстар сомасына азайтады;
4) егер салық төлеуші микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санатына жататын болса, ЖТС және әлеуметтік төлемдерді төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібінің орнына қызметкерлердің кірістерінен бірыңғай төлем төлеуге көшуге құқылы.
Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық кезең күнтізбелік тоқсан болып табылады
Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларациялар салық төлеушінің орналасқан жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей тапсырылады.
Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.

Арал ауданы бойынша кірістер басқармасы
Сурет: ашық дереккөз 

17 қыркүйек 2024 ж. 93 0