Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көкжөтел ауруының эпидемиологиялық ахуалы және алдын алу шаралары

Көкжөтел ауруының эпидемиологиялық ахуалы және алдын алу шаралары

Көкжөтел (коклюш) ауруы - өте жұқпалы, ауа тамшылары арқылы берілетін,аурудың қоздырғышы бактерия болып табылатын, ең алдымен тыныс мүшелерін зақымдайтын, әлемде кең таралған жұқпалы аурулардың бірі. Сондай-ақ ауру тұрмыстық заттар мен балалар ойыншықтары арқылы жұғады.
Аурудың жұқпалылығы сонда-науқаспен байланыста болған адамдар мен осы ауруға қарсы екпе алмағандар арасында тез тарап, ауру жұқтырудың ықтималдығы 70-100 пайыз құрайды. Инфекция көзі-көкжөтелмен ауыратын адам. Ауру қоздырғышы қоршаған ортаға науқас адам қатты сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде бөлініп, ауа арқылы сау адамға жұғады .
Аурудың инкубациялық кезеңі 2 күннен 3 аптаға дейін созылады. Ауру 4 кезеңнен тұрады : катаральды кезең,ұстамалы жөтел кезеңі, аурудың беті қайту кезеңі және жазылу кезеңі .
1.Катаральды қабыну кезеңі науқаста салқын тию белгілерімен басталады , яғни 1 науқаста дене қызуы 38 0С -қа дейін көтеріліп, қалтырау, әлсіздік, бас ауруы, мұрынның бітелуі, жөтел тәрізді белгілер болады.
2.Ұстамалы жөтел кезеңінде жөтел бірте-бірте жиілеп,күшейіп ақырында ұстамалы сипатқа ауысады. Әдетте ұстама бірнеше жылдам тыныс шығару қимылдарынан басталып ысқырықты тыныс тартуға ұласады,содан соң тыныс шығару қайта пайда болып ол тағы да ұстамалаы тыныс тартуға ұласады. Ұстаманың соңы шырышты қақырық бөлумен немесе құсумен аяқталады. Бұндай ұстамалар күніге жеңіл жағдайда 5-8 реттен,ауыр жағдайда 40-50 ретке дейін қайталануы мүмкін. Бұл кезең 2-3 аптаға дейін созылады. Соңғы екі кезеңде ұстамалы жөтел азайып,мүлдем жойылады. Бұл кезеңдер 1-3 аптаға созылады.
Аурудың жоғарыда аталған белгілері көп жағдайда осы ауруға қарсы екпе алмаған науқас балалар арасында кездеседі. Көкжөтелге қарсы егілген балалар арасында ауру жеңіл өтеді. Аурудан кейін өмір бойына сақталатын иммунитет қалыптасады, яғни көкжөтелмен бір ауырған адам қайталап ауырмайды.
Көкжөтел ауруын дер кезінде емдемесе әртүрлі асқыну жағдайларына,оның ішінде пневмония, миға қан кету, құлақ қалқанының жарылуы және басқа асқынуларға ұласады.
Қазіргі таңда республика бойынша көкжөтел ауруынан эпидемиологиялық ахуал қолайсыз жағдайда қалыптасып отыр. 2023 жылдың алғашқы 8 айында көкжөтел ауруының нақтыланған түрімен 194 жағдайы тіркелсе, 2024 жылдың осы мерзімінде 2363 жағдай тіркеліп, аурушаңдық көрсеткіші12,05 есеге өскен. Қызылорда облысы бойынша тұрғындар арасында 2023 жылдың 8 айында алғашқы диагнозбен көкжөтел ауруының 1 жағдайы тіркелсе, 2024 жылдың осы мерзімінде нақтыланған диагнозымен186 жағдай тіркеліп,оның барлығы да 14 жасқа дейінгі балалар арасында орын алды. Арал ауданы тұрғындары арасында 2023 жылы көкжөтелдің алғашқы диагнозымен 1 жағдай тіркелсе, 2024 жылдың қаңтар-тамыз айы аралығында көкжөтел ауруының алғашқы диагнозымен 6 жағдай тіркеліп, оның 5-і лабораториялық жолмен нақтыланды. Науқастанушылардың ішінде 1 жасқа дейінгі бала саны-5 болса, 1-і 1 жастағы бала,балалардың барлығы да көкжөтел ауруына қарсы екпе алмағандар,оның ішінде ауру себепті дәрігер көрсетілімімен егілмегендер 4 болса, 2-і екпеге жастары толмаған.
Аурудың алдын алу шаралары:
-Көкжөтелден сақтанудың тиімді әрі негізгі жолы- осы жұқпаға қарсы екпе жасату. Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес әрбір дені сау бала өзінің жасына сәйкес, яғни бала өмірінің 2,3,4 айларында көкжөтелге қарсы алғашқы егумен қамтылу керек, одан кейін 18 айында және мектепке алғаш барғанда 6 жасында көкжөтелге қарсы қайталап егу жүргізілуі тиіс. Екпе салдырған балалар арасында көкжөтелмен сырқаттану көрсеткіші өте төмен екенін айта кеткен жөн.
А.САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы
17 қыркүйек 2024 ж. 167 0