Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көмірқышқыл газы өмірге қауіпті

Көмірқышқыл газы өмірге қауіпті

Көмірқышқыл газымен улану көбінесе адам өліміне дейін алып келуі мүмкін. Бұнын себебі, көмірқышқыл газы (көміртектің монооксиді) өте улы және де тым қысқа уақыттың аралығында ағзаға өте ауыр зиянын тигізеді. Көмірқышқыл газдың исі, дәмі болмаса да, ол неше түрлі аралықтардан, қабырғалардан кіріп кететін қасиетке ие. Әдетте улану қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтамағандықтан болады.
Уланудың басты себептері ол пешті дұрыс соқпау және пештің және газбен жылытқыш құрылғылардың істен шығуы, көліктің қозғалтқышы қосулы болып, ауа алмаспайтын жабық жерде уақыт өткізуі, өрт, жеткілікті ауа айналымы жоқ газдалған мекеме болу т.с.с.
Жоғарыда көрсетілген себептер жеңіл улануға тіпті адам өліміне дейін алып келуі мүмкін. Сол себепті қауіпсіздік шараларын қолдану өте маңызды.
Мысалы, газды құрылғыларды өздігінен жөндемеу, газдық құрылғылардың жұмыс атқарып тұрғанын ара-арасында тексеріп, пәтерді (үйді) үнемі желдетіп отыру, қосулы тұрған газды бағанасы бар бөлмеде отырмау, газды пешпен немесе тұмша пешпен (духовка) бөлмені жылытпау, бір уақытта газды пештің барлық комфоркаларын қоспау, пештің бүтін екенін қолданбастан бұрын тексеру; жану бітпестен, пешті түні бойына қараусыз тастап кетпеу, жабық көлік жайдың (гараж) ішінде қозғалтқышы қосулы көлікті жөндемеу.
Адамды уланудан қорғау үшін және уланудан кейінгі зардаптарды азайту үшін тек уланудың алдын-алу жеткіліксіз. Сол себепті улану туралы ақпаратты жүзеге асырылмаған жағдайда қажетті көмек көрсете білу қажет. Көмірқышқыл газымен уланған жағдайдағы алғашқы көмек, ол – дәрігерге дейінгі көмек – улаған адамды газды бөлмеден шығару, улағыш газды бөлмеден кетіру. Алғашқы көмек көрсетіп жатқан адам уланып қалудан сақтану, көмірқышқыл газы шоғырланған жерден зақымданған адамды алып не болмаса көтеріп шығару керек. Бұл алғашқы көмек көрсетердегі өте маңызды іс. Сондай-ақ уланған адам қандай жағдайда болмасын тез арада жедел жәрдем шақырту қажет және жеңіл деңгейде уланған адамға қант қосып, қою шай беру керек. Жылынып, біраз демалу уланған адамға көмегін тигізеді. Естен танып жатқан адамды тегіс жерге қырымен жатқызып, жағасын белбеуін шешіп, таза ауаға дем алдыру қажет. Мақтаға мүсәтір спиртін тамызып, мұрнынан 1-см алшақ ұстап иіскету керек және жүрегі тоқтап немесе жүрек қағысы әлсіз адамды қолдан дем алдырып, кеудесін, жүрек тұсын уқалау қажет.
Д. Шакен,
Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
бастығы азаматтық қорғау подполковнигі

Сурет: tolqyn.kz
07 қазан 2024 ж. 84 0