Сырдария ауданы, Бесарық ауылының тұрғындары да акцияға қарқынды үлес қосуда
![](/uploads/posts/2024-10/medium/1728474094_20.jpg)
Меценат «Абай-Дәулет» ЖШС басшысы Мұрат Сәрсенбаевтың демеушілігімен ауылды қарқынды абаттандыру жұмыстары жүргізілді, – дейді ауылдық Қоғамдық кеңес төрағасы А.Ақжігітов.
– Біздің Бесарық қазір бау-бақша іспетті, айналасы жасыл желекке оранған, гүлдері мен жас ағаштары жайқалып тұр. Серіктестік ауыл тұрғындарына жайлы демалыс орнын жасау мақсатында орталық алаң мен көшелерді абаттандырды. Бірқатар маңызды әлеуметтік нысандар қайта жаңғыртылды, жаңа өндіріс орындары ашылды. Осының барлығы ауыл тұрғындарының көңіл-күйіне, әлеуметтік жағдайының жақсаруына оң әсер етуде.![](/uploads/posts/2024-10/medium/1728474171_21.jpg)
![](/uploads/posts/2024-10/medium/1728474171_21.jpg)
Экологиялық акция басталғалы Сырдария ауданында ауқымды жұмыстар атқарылды. Каналдар мен су қоймалары, қарт ауыл тұрғындарының аулалары, көптеген әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындардың аумақтары қоқыстан тазартылды. Мыңдаған ағаштар отырғызылды. Біздің еріктілеріміз де туған жердің тазалығы үшін өзгелерге үлгі боларлық.
![](/uploads/posts/2024-10/medium/1728474134_22.jpg)
548 арнайы техника қолданылып, 129 358 ағаш көшеттері отырғызылды.