Қазақстанда қай мамандықтар сұранысқа ие
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елімізде сұранысқа ие болатын жаңа мамандықтардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, болжамның үш түрі бар: қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді.
«Қысқа мерзімді болжам жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен бос жұмыс орындарын жариялайтын кәсіпкерлердің өтінімдері негізінде қалыптасады, оның негізінде ұзақ мерзімді болжам отандық нарықта пайда болатын болашақ салалар туралы ақпаратты қамтиды. Біз елімізде сұранысқа ие болатын жаңа мамандықтардың толық тізімін ұсынуға дайынбыз», деді Светлана Жақыпова бүгін өткен Мәжіліс отырысында.
Оның айтуынша, тізімге жасанды интеллект мамандары, атом электр станциясының жұмысшылары, блокчейн технологиясы бойынша мамандар, IT дизайнерлері, бағдарламашылар кіреді.
Сурет: ашық дереккөз