2025 жылға арналған діни күндер кестесі жарияланды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын 2025 жылға арналған діни күндер кестесін бекітті, деп жазады Egemen.kz.Кестеге сай келер 2025 жылы айлардың сұлтаны болған Рамазан айы 1 наурыздан басталады. 
Ал Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түнге тұс келіп тұр.
Ораза айт 30 наурызға белгіленген. 
Ал Құрбан айт 6 - 8 маусым аралығында болады. Сәйкесінше, 5 маусым - арапа күні. 
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жаңа айдың көрінуіне байланысты діни мерекелердің басталу уақытында өзгеріс болуы ықтимал екенін ескертті.
Сурет: www.muftyat.kz






		
		



