Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін 9 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 9 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 17 қазанда Петропавл, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Астана қалаларында және түнде Атырауда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
17 қазан 2024 ж. 34 0