Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты 41 қазақстандық Ливаннан оралды

Эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілді.
Еске салайық, бұған дейін Израиль әскері Ливандағы бітімгершілік базасына басып кіріп, негізгі қақпаны танкпен қиратып, 15 сарбазды жаралады. Еліміздің Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлердің жағдайына қатысты пікір білдірді. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қазір штабтың үш офицерінен құралған қазақстандық бітімгерлер әдеттегідей жұмысын жалғастырып жатыр. Ал шиеленіскен жағдай қазақстандық бітімгерлердің қызметтік орындарынан қашықтықта орналасқан екен.