Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбе маңында тікұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе маңында тікұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Тәртіп сақшылары Ақтөбе облысында екі адам зардап шегіп, бір адам қайтыс болған тікұшақ апаты бойынша қылмыстық іс қозғады.Ведомствоның хабарлауынша, 9 қарашада Ақтөбе облысындағы аэродромда оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде МИ-8 тікұшағы қатты қонып, артынан жанармай цистерналарында өрт шыққан. "Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында тергеу органдары жұмыс істейді", - деп хабарлады ІІМ ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы.
09 қараша 2024 ж. 51 0