Жыл басынан бері 1000 адам басым кезек қызметін пайдаланды

"Біз өмір бойы өз үйін салуды армандадық. Жер учаскесін сатып алуға шешімге келдік. Туыстарым жеке менеджердің қызметін пайдалануға кеңес берді. Айта кетейін, бұл уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін өте ыңғайлы сервис", – дейді Айзада Әбдіханова.
Кез келген қызмет алушы жеке менеджердің қызметін пайдалана алады. Басым кезек бойынша қызметтерді алу үшін қызмет алушы ресепшндегі маман-кеңесшіге жүгініп, "жеке менеджер" қызметін сұрауы керек. Айтпақшы, қажет болған жағдайда жеке менеджер үйіңізге де бара алады.
Естеріңізге сала кетейік, қызмет алушылар жеке менеджердің қызметтерін үйге тапсырыс бере алады. Тағы да, сіз дайын құжаттарды Астан данғылы 46 мекен-жайы бойынша орналасқан тәулік бойғы постомат арқылы ала аласыз, сондай-ақ дайын құжаттарды жеткізуге тапсырыс беруге мүмкіндік бар.