Ақтөбе облысында қызы анасын ұрып өлтірді

14 қараша күні таңертең 73 жастағы әйелдің денесі Ақтөбе облысының Мәртөк ауылындағы өз үйінен табылды,
Зейнеткердің өлімі ішкі ағзалардың зақымдануынан болғандығы анықталды. Марқұмның 48 жастағы қызы күдікке ілінді, ол алкогольді бірге ішкеннен кейін жанжал кезінде анасын ұрып-соққан деп болжанып отыр. Әйел ұсталып, қамауға алынды, - делінген басылым таратқан ақпаратта.