Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Таксист қайтып келіп, тірі жатқан әйелді қылқындырып өлтірген: Алматы облысында жоғалған әйелдің өлімі

Таксист қайтып келіп, тірі жатқан әйелді қылқындырып өлтірген: Алматы облысында жоғалған әйелдің өлімі

Алматы облысында таксисттің қолынан қаза болған әйел оның танысы болған. Таксист марқұм әйелге қомақты ақша қарыз болған

3 жастағы Айнұр Қасымованы таксист алдымен таспен ұрып, кейін аяқ киімнің бауымен қылқындырған. Қайғылы оқиға Алматы облысында болды. 
Таксист Айнұрды үйіне жеткізіп тастауды ұсынады. Жол бойында жанжалдасып, таксист оның басынан ұрып талдырып тастайды. Көліктен сыртқы лақтырып жібереді. Кейін қайта келіп, аяқ киім бауымен қылқындыады. Ол кезде әйел әлі тір болған. Телефонын алып туыстарымен сөйлеседі. Осыдан кейін әйелдің денесін зиратқа апарып көміп тастайды. 
Такси жүргізуші полицейлердің күдігіне бірден ілінді. Ол жауап беру барысында шатаса бастады. Кейін кінәсін мойындады. 
"Мәйітті жақындары таныды. Қазір күдікті уақытша қамау абақтысында. Адам өлімі бойынша тергеу басталды", - дейді облыстық полиция депратаментінің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.
19 маусым 2019 ж. 1 123 0