Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылығы министрі "шайн мускат" жүзімін тексерістен өткізетінін айтты

Ауыл шаруашылығы министрі "шайн мускат" жүзімін тексерістен өткізетінін айтты

Желіде қазақстандықтар арасында “шайн мускат” жүзімі қызу талқыға түсіп жатыр. Аталған жеміс-жидекке қатыысты Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кей ақпарат көздері жүзімде химиялық заттар көп екенін айтып отыр. Ал министр Айдарбек Сапаровтың айтуынша, Қазақстанға жеткізілетін кез келген өнім зертханаға тапсырылуы тиіс.
"Сондықтан біз мұндағы зертханамызды жаңа құрал-жабдықтармен нығайтпақпыз. Ветеринарияға арналған тоғыз жабдықты сатып алып жатырмыз. Осылайша бізге өнімнің сапасын тексеру оңайырақ болады", – деді министр.
Ол жүзімді өзі сынамағанын, бірақ шекарадан өткен болса, онда барлық қажетті сертификаттар бар екенін айтты. 
"Жоқ, оны әлі сынап көрген жоқпын. "Корей" жүзімдерін тексеріп көрейік. Шекарадан өткен болса құжаттары, анықтамалары бар деп ойлаймын. Егер жер асты жолымен келсе, басқа мәселе. Бүгін комитет төрағасына тапсырма беремін. Ол үлгісін алып, тексеріп көрсін", – деді Сапаров.
18 қараша 2024 ж. 40 0