Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк Астана мешітінің суреті бар жаңа монетаны шығарады

Ұлттық банк Астана мешітінің суреті бар жаңа монетаны шығарады

Ұлттық Банк "Қазақстанның мешіттері мен соборлары" сериясынан ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI және "Сиқырлы рәміздер" сериясынан FATIMA QOLY коллекциялық монеталарын шығарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Монеталарды kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.
ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI монетасы 2024 жылғы 25 қарашадан бастап, ал FATIMA QOLY 28 қарашада айналысқа шығады, – деп мәлімдеді Ұлттық банк.
ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI монетасы «Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері» сериясын жалғастырады. Монета 2022 жылы есігін айқара ашқан Астана қаласының орталық мешітіне арналған. Бұл мешіт – Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі мешіт. Монета дизайнында Астана қаласының орталық мешітінің айшықталған бейнесі және мұсылманша сәлемдесуді білдіретін араб тіліндегі жазу бар. Монеталар 925 сынамды күмістен дайындалған. Массасы – 31,1  грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 1000 (бір мың) дана.
FATIMA QOLY (Фатима қолы) монетасы – «Сиқырлы нышандар» сериясының алтыншы монетасы. Монета дизайнында әртүрлі ел мәдениетінде белгілі ашық алақан түріндегі қорғаныш тұмарының өрнектеліп айшықталған бейнесі берілген. Монеталар эмаль жағу және алтын жалату технологиясын қолдану арқылы 925 сынамды күмістен дайындалған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – antique silver, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 3000 (үш мың) дана.
22 қараша 2024 ж. 54 0