Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда тұрғын үй тарифі 1 шаршы метр үшін 40 теңге болуы мүмкін

Алматыда тұрғын үй тарифі 1 шаршы метр үшін 40 теңге болуы мүмкін

Алматы қаласының мәслихаты «2025 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» шешімін әзірледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда жалақының өсуін және тауарлар мен қызметтер құнының өсуін, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлердің ортақ мүлкінің нашар жай-күйін ескере отырып, төмен тарифке байланысты жаңа ең төменгі тариф – 1 шаршы метр үшін 40 теңге. 2023 жылдан бастап аулаларды күтіп ұстау жергілікті бюджеттен қаржыландырылатынын, ал күрделі жөндеу жұмыстары жеке жинақ шотынан жүргізілетінін ескеру қажет, - делінген негіздемеде.
Түсіндірілгендей, тұрғын үйді басқару және күтіп-ұстау шығындарына еңбекке, банктік қызметтерге, дератизация және дезинфекция жұмыстарына, сондай-ақ ортақ мүлікті ұстауға арналған міндетті жарналар кіреді.
Бұрын ең төменгі тариф – 1 шаршы метр үшін 25 теңге болатын және Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен бір жыл мерзімге белгіленген болатын. Жұмыс тобы соңғы 14 жылда орташа алғанда жылына 7%-ды құрайтын инфляцияны ескере отырып, тарифті қайта есептеді.
Алматы қаласында 2025 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең төменгі мөлшері 1 шаршы метрге 40 теңге мөлшерінде бекітілсін, - делінген құжатта.
Құжат 5 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылды. 
Осыған дейін Алматы қаласының ПИК қауымдастығы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару және күтіп ұстаудың минималды тарифін қайта қарауды ұсынған болатын.
22 қараша 2024 ж. 46 0