Алматыда танымал қазақстандық виолончельші көз жұмды

39 жастағы музыканттың көз жұмғаны туралы марқұмның әпкесі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Ашық дереккөздерге сүйенсек, Болат Тыныбеков Алматыдағы мекемелердің бірінің екінші қабатынан құлап кеткен.
Алматы полициясы әзірге түсініктеме берген жоқ.
Болат Тыныбеков өзінің Instagram парақшасында 27 қарашада өтеді деп жоспарланған «Эннио Морриконе» бағдарламасымен өнер көрсететінін жариялаған еді.