Студенттердің стипендиясы 500 мың теңге болады
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжіліс кулуарында студенттердің шәкіртақысына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Магистратура, докторантура студенттері үшін шәкіртақы жыл сайын 20%-ға өсіп отырады. 2028-2029 оқу жылына дейін 100 пайызға өседі. Мәселен, докторантураның шәкіртақысын осы уақытқа дейін 500 мың теңгеге жеткіземіз. Бұл алдағы бесжылдыққа арналған жоспар, - деді министр.