Алдағы үш күнде ауа райы тұрақсыз болады
«Қазгидромет» синоптиктері 3-5 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктер қалыптасады, бұл ауа райының тұрақсыздығына себеп болады.
«Елдің солтүстік, орталық өңірлерінде аздаған қар, оңтүстік, шығыс өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман түседі», делінген хабарламада.
Температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс болмайды.
Сурет: ашық дереккөзден алынды