Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 17 желтоқсанға ауа райы болжамы

17 желтоқсанға ауа райы болжамы

Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батыста бұрқасын мен тұман, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

Солтүстік циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронттар Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс бөлігіне әсер ететін болады – жауын-шашын, солтүстік-батыста қар жауады. Еліміздің қалған территориясында кетіп бара жатқан антициклон жотасы жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыратын болады, - деп жазылған хабарламада. 
Түнде Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында, Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 25-28 градус қатты аяз күтіледі.


Сурет: ашық дерекөзден алынды
17 желтоқсан 2024 ж. 33 0