Бірыңғай уақыт белдеуінен не ұтамыз?

"BAQ.KZ" ақпараттық агенттігінің YouTube арнасындағы "Мінбер" жобасы бұл тақырыпты кездейсоқ таңдап отырған жоқ. Себебі, бірыңғай уақыт белдеуі қазір қоғамда қызып тұрған тақырыптардың бірі. Уақыттың өзгеруі тұрғындар денсаулығына қалай әсер етеді? Бұл жаңашылдықтан не ұтамыз? Оны зерттеуге кімдер жауапты? Бұл сұрақтарға "Мінбер" студиясында Ғылым және жоғары білім министрлігінің басқарма басшысы Ренат Елшібеков жауап берді.
Сурет: baq.kz