Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 57 жастағы қызылордалық университетте оқып жүр

57 жастағы қызылордалық университетте оқып жүр

Жасы алпысқа таяған қызылордалық университетте оқып жүр. Кейіпкеріміз жастық шақ пен қартайған кезде білім алудың айырмашылығы көп екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыс орталығының тұрғыны Кендебай Ыдырысовтың жасы - 57-де. Өзі - көпбалалы әке, 3 немере тәрбиелеп отыр. Жас кезінде оқымады емес, оқыды. 1988-1991 жылдары Ташкенттегі құрылыс техникумында білім алды. 2006 жылы тау-кен ісі мамандығы бойынша жоғары оқу орнын тәмамдады.

Одан кейін он жылдан астам уақыт арнаулы оқу орнында оқытушы болды. 2004 жылы Қызылордаға көшіп келіп, құрылыс мекемелерінде еңбек етті. Бригадир қызметінен жобалық директор қызметіне дейін көтерілді. 2013 жылы өз алдына мекеме ашып, кәсіпке бет бұрды. Алайда белгілі бір қиындықтарға байланысты бұл жұмысы уақытша тоқтап тұр.
Ағамыз "болдым, толдым" дейтін адамдардың қатарынан емес. Жас кезінен солай. Құрылыс саласының қыр-сырын меңгеру үшін бүгінгі күні осы мамандық бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің екінші курсында оқып жүр.

"Адам үнемі өзін-өзі дамытып отыруы, ізденіс үстінде болуы керек. Қазір білім аламын деген жанға барлық жағдай жасалған. Оқулық дейсіз бе, интернет дейсіз бе, қолжетімді. Үлкейгенде оқу оңай емес екенін жасырмаймын. Бірақ алға қойған мақсатыма жетуім үшін кері шегінгім келмейді", - деді Кендебай Ыдырысов.
Назерке САНИЯЗОВА,
Қызылорда облысы
19 желтоқсан 2024 ж. 39 0